Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданының тұрғыны құжатсыз жүрген

Айыртау ауданының тұрғыны 44 жасқа дейін жеке куәлік алмаған. Айтуынша, құжат пайдаланудың қажеттілігі туындамаған. Мектепті бітіргеннен кейін еш жерде білім алмаған. Ұзақ уақыт бойы Ақмола облысында тұрып келген. Нәзікжандының құжатсыз жүргендігін тәртіп сақшылары анықтап, көші-қон қызметінің мамандары оның Қазақстан азаматы екендігін анықтап, құжатын рәсімдеуге септескен. Жалпы, жыл басынан бері облыста 40-қа жуық адамның азаматтығы расталды. Оның 20-ға жуығы 74-ші жылғы үлгідегі төлқұжатпен жүрген.

Гульден Симбаева