Ауыл шаруашылығы

Жамбыл ауданында бос жатқан 10 мың гектардан астам жер қайтарылып алынды

Жамбыл ауданында іскер азматтардың көбі мал ұстамаса да соған деп алған жайылым жерлерін қайтаруға асығар емес. Салдарынан қаншама аумақ пайдаланылмай бос жатыр. Бұл мәселенің шешімін аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары қарастыруда. Бүгінге дейін иесіз жатқан 10 мың га-дан астам жер ерікті түрде алынған, 300-і мемлекет меншігіне соттың шешімімен қайтарылды.

РУСЛАН АЮПОВ, Жамбыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
– Сонымен қатар, биыл жер ресурстары департаментінің өкілдері 6 рет тексеріс жүргізіп, бірнеше бұзушылық анықтады. Сол үшін ауыл шаруашылығы өнімін дайындаушыларға 20 есе өскен салық салынды. Мирное ауылдық округінде жер мәселесі тіркеліп, 596 га аумаққа «Ақжер-2010» серіктестігімен меморандум жасалды. Бұл шаруа тұрақты түрде бақылауды талап етеді.

Жамбыл ауданындағы өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке ауладағы малды шығару, жем дайындау бойынша 21 мың гектар аумаққа қатысты меморандумға қол қойылған.

РУСЛАН АЮПОВ, Жамбыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
– 2020-2021 жылдары жер қатынастары бөлімі елді мекендердің аумағын кеңейту бойынша жұмыстар өткізді. Нәтижесінде Жаңажол ауылына 1916 га жайылым жер берілді. Мұндай шаруадан Первомай ауылдық округі де шет қалмады. Тағы қоса кетерлігі, «Жокей Агро» серіктестігі жерді қолданбағаны үшін 10 есе төлемге тартылған болатын. Олар жыл соңына дейін аумақтан бас тартып немесе мал сатып алулары керек еді.

Шаруа қожалығы 50 ірі қара алыпты. Мал басын 150-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Жалпы, жыл басынан бері 6 шаруа қожалығы қолданбайтын жерлерінен ерікті түрде бас тартқан. Төңірек 2900 гектарды құрайды.

Алтынай Казиканова