Ас – адамның арқауы

COVID-19: Қазақстан

16:36 31 Тамыз 2022

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
–  Қуанышымызға орай, соңғы тәулікте Қазақстанда 401 адам тәж вирусынан айыққан. Індетпен күрестен кейін бұл жандардың иммунитеті төмен болатыны түсінікті. Дертті женген тұрғындардың иммунитетін қалай күшейтеміз? Интернетте Американың Майо клиникасында еңбек ететін сарапшылардың кеңесі тарауда. Оны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев өзінің фейсбук парақшасында жария етті. Шетелдік мамандардың пікірінше, дұрыс тамақтану COVID-19-дан кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады.

ГРАФИКА:
– Жерорта теңізі диетасына ауысқан жөн. Ауруды жеңіп, қалыпқа келу процесінде жүрген азаматтар көкөністерді, жемістерді, зәйтүн майын, жаңғақтар және дәнді дақылдарды тұтыну қажет. Бұлар адам ағзасын қоректік заттармен және минералдармен қамтамасыз етуге қабілетті.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– “Ас – адамның арқауы” деп бекер айтылмаған. Шетелдік мамандар тағы тұрғындарды тіршілік көзін тұтынуға шақырады. Су ағзаға зат алмасу процестерін жақсартуға көмектеседі, жасушаларды оттегімен қанықтырады, қанды сұйылтады және токсиндерді кетіреді.

ГРАФИКА:
– Суды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет. Ағзадағы дәрумендер мен минералдардың деңгейін бақылаған да маңызды. Себебі, дерттен кейін қалыпқа келу процесінде жүрген адамдарда анемия және витамин тапшылығы жиі байқалады.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Енді шектеуге көшейік. Америкалық сарапшылар қызыл ет пен тәттілерді тұтынуды шектеуді ұсынады. Бұлар ағзадағы қабынуды күшейтеді екен. Жіпке тізілген пайдалы кеңестерді бір кісідей ескерсек, иммунитетті күшейтеміз және тәж вирусын күндердің күнінде міндетті түрде жеңеміз! Бәрі өз қолымызда!


Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Коронавирусқа қатысты ахуал