Спорт

«Qyzyljar» ФК УЕФА Конференциялар лигасында сенсация жасады

Спортсүйер ағайынға сүйінші жаңалық! «Qyzyljar» ФК УЕФА Конференциялар лигасында сенсация жасады. Солтүстікқазақстандық команда азулы хорватиялық «Osijek» ұжымын қарсылас алаңында қарымта матчта тізе бүктірді. Бұл ойында 0 де 2 есебі тіркелді.
Гол авторлары – Георгий Иваниадзе мен Мусса Коне. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде жерлестеріміз қарсыластан 1 де 2 есебімен ұтылып қалған болатын. Дегенмен, қос ойын нәтижесі бойынша петропавлдықтар келесі кезеңге жолдама алды. Енді Конференциялар лигасы аясында «Qyzyljar» ФК тамыздың 4-і күні кипрлік «АПОЭЛ»-мен мықтыны анықтайды. Бірақ, оған дейін командамыз ел кубогы аясында оралдық «Akzhaik»-пен кездеседі. Матч 31-ші шілде күні сағат 18:00-де Петропавлда өтеді.


Алдияр Айтпаев