МТРА жаңалықтары

Жаз келгелі адамдардың жоғалуы жиілеген

30 жастағы қала тұрғыны туыстарына түк айтпастан демалуға кетіп қалған. Жақындары оны жоғалдыға санап, полицияға хабар береді.
Нәжікжандыны тәртіп сақшылары еріктілермен бірге іздеп, ақыры Айыртау ауданындағы демалыс базасын да табады. Іздеу жарияланған әйел адам мінген көліктің ізіне мамандар бейнебақылау жүйесі арқылы түскен.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жаз келгелі осындай жағдайлар жиілеп кеткен. Соңғы 2 айда із-түссіз жоғалған 76 солтүстікқазақстандық табылыпты. Ал жыл басынан бері адамның жоғалып кетуіне байланысты 275 өтініш түсіп, 270 адам табылған.


Гульден Симбаева