МТРА жаңалықтары

Қала сыртында жол белгілері орнатылып жатыр

 

Қала сыртындағы Мамлютка тас жолы. Күніне бұл жерден 5 мыңнан астам көлік өтеді. Жаяу жүргіншілер де аз жүрмейді. Оларға арналған жол белгілері күн мен желден тозып әбден ескірген. Әсіресе, түнгі уақытта жолдан өтіп бара жатқан адамды байқау қиынға соғуы мүмкін. Бүгін ескірген жол белгісінің орнына жарық түссе шағылысатын жаңасы қойылды.
Бұл жолды күтіп-ұстау – «ҚазАвтоЖол» компаниясының міндеті. Жол белгілерін қою да солардың міндетіне кіреді. Бұл ретте арнайы белгілерді әзірлеу де, оларды орнықтыру да тиісті талапқа сай орындалады дейді кәсіпорын маманы Вадим Билах. Ол компанияға тиесілі цехта жол белгілерін жасаумен айналысады.

ВАДИМ БИЛАХ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ маманы:
– Алдымен жарық түссе шағылысатын пленка жабыстырамыз. Кейін мемлекеттік талаптарға сәйкес ары қарай жұмысты жалғастырамыз. Сандар мен жазулар арнайы материалдан қиылып алынады. Жол белгісі 70 пайзға дайын.

РУСТАМ АХМЕТОВ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ бөлім басшысы:
– Биыл барлығы – 1100 жол белгісін ауыстыру және жаңасын орнату, сондай-ақ, 100 ақпараттық көрсеткіш белгісін қою жоспарланған. Бүгінде жұмыстың 80 пайызға жуығы орындалды.

Мамандар тамыз айында Бескөл ауылының тұсындағы Петропавл-Жезғазған жолына жаяу жүргіншілерге арнап тағы проекциялық 4 өткел мен қосымша 1 бағдаршам орнатпақшы.


Самал Жунусова