МТРА жаңалықтары

Асанов ауылдық округінде заңсыз қоқыс үйінділері табылды

4 бірдей қоқыс орнына қатысты ешбір рұқсат қағазы жоқ. Облыстық экология департаментінің қызметкерлері жуырда Қызылжар ауданында болды.
Мамандар аталған ауданда түгендеу жұмысын жүргізу барысында Асанов ауылдық округінде заңсыз пайда болған қоқыс үйінділерін тапты. Тиісті материал жинақталып, іс айыпты тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатымен полиция департаментіне және жергілікті әкімдікке жолданды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңір экологтары облыс аумағында заңсыз 54 полигон тапқан.

Дана Ешкенова