Бүгінде облыста 400-ден астам мектеп болса, соның жартысында бейнебақылау камералары тұр. Аудандағы білім ұяларының видеожазбасын негізінен полиция бөлімінің мамандары қадағалайды, ал қаланыкі департаменттегі жедел басқару орталығына келіп түседі.
МИХАИЛ ЗОЛКИН, СҚО ПД бөлім басшысы:
– Мемлекет басшысының жолдауы аясында 2022 жыл – Балалар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында мектептерде бейнекамералар қоямыз. Құрылғылар жедел басқару орталығына қосылады.
Самал Жунусова