МТРА жаңалықтары

Облыстық “Ақбидай-2022” жазғы спартакиадасы бастау алды

Өңірде “Ақбидай-2022” жазғы спартакиадасы бастау алды. Биыл дәстүрлі іс-шара Ақжар ауданындағы Талшық ауылында өтіп жатыр. Спорт мерекесіне облысымыздың барлық аудан құрамалары қатысуда. Олар шілденің 24-іне дейін 15 спорт түрі бойынша өзара бақ пен бап таластырады. Айта кетейік, жарыс қос кезеңнен тұрады. Сайыстың алғашқы екі күнінде спортшылар волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, бокс пен мылтық атудан сынға түссе, екінші кезеңде еркін күрес, ауыр атлетика, үстел теннисі мен гір көтеруден жарысады.


Алдияр Айтпаев