МТРА жаңалықтары

“Қауіпсіз жаз” жедел-алдын алу шарасы

Петропавлда түн ортасында өздері жалғыз жүрген 2 жасөспірім ұсталды. 13 жастағы екі бала Н.Назарбаев көшесімен келе жатқан. Екеуінің де ата-анасы ҚР ӘК 442-ші бабының 2-ші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Әке-шешелеріне әзірге ескерту жарияланған.
Полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жаз” жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында 5 күн ішінде осыған ұқсас 7 жағдайға тап болған. Кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу жайты тіркелді. Облыс орталығында жыл басынан бері 600-ден астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның 40-ы баланың спирттің өнім тұтынғаны үшін, 19-ы баланың көңіл көтеру орнында жүргені үшін, ал қалғаны баланың түнгі уақытта үйде болмағандығы үшін жазаланған.


Данаш Хамзина