МТРА жаңалықтары

Бас прокуратура: Қазақстандағы жер тапшылығы қолдан жасалған

Прокурорлар соңғы 3 жылдың ішінде ел бойынша 18 млн гектардың бос жатқандығын және 3 млн гектар жайылым жерлердің заңсыз берілгендігін анықтаған.
Оның 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн-ы айналымға берілген. Осы бағытта жүргізіліп жатқан қадағалау шараларының нәтижесінде белгілі бір учаскені игеруге шамасы келмеген жандар жер тапшылығын тудыратыны анықталды. Салдарынан жұмыс істеп жүрген фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылып отыр. Бүгінде ел бойынша шамамен 15 млн га қоғамдық жайылым жетіспейтіндігі анықталды. Биыл мемлекетке тағы 5 млн га жерді қайтару жоспарлануда. Прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша жайылымды дұрыс бөлмеген және тиісті бақылау жүргізбеген 520 лауазымды адам, оның ішінде 42-сі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Бердимурат Баймухан