МТРА жаңалықтары

Саяхатқа шыққан төрт бала Петропавлдан табылды.

Саяхатқа шыққан төрт бала Петропавлдан табылды.

“Қауіпсіз жаз” жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Пестрое көлінің жағасында 16 жастағы жасөпірімді кезіктіреді. Оның Түркістан облысының тумасы екендігі анықталады. Баланың анасы ұлының жоғалып кеткендігі жайында жергілікті тәртіп сақшыларына хабар берген. Түркістандық жасөспірім өзімен бірге жер-жерді саяхаттаймыз үш досын да ертіп алыпты. Төртеуі де уақытша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ата-аналарының келуін күтіп жатыр.


Дана Ешкенова