МТРА жаңалықтары

Кәсіпорындарға әзірлік паспортын алу үшін қандай құжаттар керек?

Әзірлік паспорты – бұл энергия өндіруші мен энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын растайтын құжат. Ол жыл сайын Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінен беріледі. Бүгін аталған ведомствоның жергілікті департаментінде әзірлік паспортын беру қағидаларын түсіндіру шарасы өтті. Жиынға түрлі кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:
– Биыл аумақтық департаментте 3 кәсіпорын әзірлік паспортын алуы тиіс. Олар: «Қазсушар», «Зенченко және К» КС және «Иван Зенченко» серіктестігі.

Дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау тамыздың 15-сінен бастап қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Құжатты Электрондық үкімет арқылы рәсімдеу қажет. Паспортқа қол жеткізу үшін мынадай құжаттарды ұсыну керек.

ГРАФИКА:
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу туралы өтініші;

2. Аталған ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлеу актісі;

3. Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжат;

4. Станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптама жүргізетін ұйымның қорытындысы.

Айта кетейік, егер энергия өндіруші мен энергия беруші ұйымдар әзірлік паспортын алмаса оларға 300 АЕК көлемінде, яғни шамамен 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Самал Жунусова