МТРА жаңалықтары

Аққайың ауданында “Оқжетпес” лагері жұмысын бастады”

Аққайың ауданындағы оқушылар демалатын «Оқжетпес» лагері биыл кештеу болса да ашылды. Сауықтыру орнында бір жарым айда 350 бала тынығады деп жоспарланып отыр. Алғашқы лекпен келген 90 бала 10 күн бойы демалады. 45-ке тарта жеткіншекке жолдама тегін беріліпті. Олар – жетімдер мен әлеуметтік аз қамтылған жанұядан шыққан балалар. Қалғандары үшін жолдама құны 30 000 теңге тұрады.

Лагерь қарағайлы орманда орналасқандықтан ауасы таза. Мұнда балалар ұялы телефоннан бір сәтке болсын ажырап, табиғат аясында ойын ойнайды. Байқаулар мен спорттық шаралар ұйымдастырылады.

РАМИЛЬ ГУБАЙДУЛЛИН – «Оқжетпес» лагерінің директоры, Аққайың ауданы


– 2 сезон осы айдың 23-і басталады. Тамыздың 1-іне дейін болады. Онда көрші ауылдардан, аудандардан келеді, Ақжар ауданынан келеді. Биылғы жылы Мамлют ауданы келеміз деп сұранды, оларды алуға мүмкіншілік жоқ. Одан қалып тағы Ақтөбе облысы 40 бала жібермекші болды. Лагерімізде орын жоқ.

Лагерь 58 жыл бұрын құрылған. Бұл – Аққайың ауданындағы балаларға арналған жалғыз сауықтыру лагері. Ашылғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.
Биыл нысанның іші-сыртын қырлап, сырлау үшін жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаражат жұмсалған.

РҮСТЕМ ИСИН, Аққайың аудандық білім бөлімінің басшысы
– Лагерьге жыл сайын жауапкершілігі шектеулі серіктестер көмек қылуда. Әр корпусқа ағымды ремонт өткізіледі. Күрделі ремонтқа қаражат сұрастырып жатырмыз.

Балалар қазір екіге бөлініп футбол ойнап жатыр. Жеңіске жеткендері тәрбиешілеріне қарсы ойнайды. Жеткіншектердің айтуынша лагерь көңілдерінен шығуда.

Блиц
– Лагерь жақсы, бірінші рет келіп тұрмын. Жаңа достар тауып жатырмын өз корпусымнан.
– Біз күніге конкурстар жариялаймыз, кешке концерт пен дискотека істейміз. Өзімізге жаңа достар таптық, бұл жерде барлығы жақсы.

Лагерьде биыл барлығы 3 маусым болады. Әр маусымда 7 топтан тынығады. Бір топта 12-13 бала бар. Айта кетейік, лагерь 7 мен 15 жастағы жеткіншектерге арналған.