МТРА жаңалықтары

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады

Қазақстанда ана мен сәби өлімі көбейген! Осыған байланысты мемлекет басшысы елдегі перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берді. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданып, өзекті мәселе шешілуі қажет. Бұл жайлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев созылмалы ауру салдарынан да қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары екенін тілге тиек етті. Ахуалды жақсарту үшін салаға қыруар қаржы құйылып, түрлі бастамалар қолға алынды. Бірақ, олардан нәтиже болмай тұр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек.


Байболат Култанов