МТРА жаңалықтары

Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті құны 187 теңгені құрайды. Ал Қазақстанның басқа аймақтарында өзгеріс орын алған жоқ. Яғни, сұйықтықтың 1 литрі 182 тг болып қалды. Энергетика министрлігі баға айырмашылығына қатысты түсініктеме берді. Ұсынылған дерекке сүйенсек, көрсеткіш қос өңірдің мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыс орналасуына және логистикалық шығындарға байланысты бекітіліпті. Бұйрық шілденің 14-ші жұлдызында күшіне енген. Енді дизель отыны жайлы баяндайық. Жанар-жағармайдың бұл түрінің құны сол қалпы қалды. Қазір өңірдегі станциялардан әр литрін 260 теңгеден сатып алуға болады.


Байболат Култанов