МТРА жаңалықтары

Кезекті рейд

 

Отбасындағы үш адамның үшеуі де ішімдікке салынған. Үшеуі де маскүнемдер ретінде есепте тұр. Үйдің үлкені келінімен бірге арақ сілтейді, әйелдердің жастау келгені ішіп алса жанжал шығарады екен. Оның күйеуі мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті. Отбасында бала жоқ.

Арақ не істетпейді? Келесі отбасында да осындай жағдай. Петропавлдық тұрғын ішіп алса болды жанұясына тиыштық бермейді екен. Содан жұбайы полицияға жүгініпті. Ерлі-зайыпты арасындағы дау сотқа дейін жетіп, татуласқанымен отбасы бақылауға алынды.ЛЮФТ:

второй раз уже посещаю их по месту жительства, жалоб от супруги не поступает, образ жизни они ведут оба нормальный, работают оба официально, спиртные напитки оба не употребляют.

Ауру қалса да әдет қалмайды. Тәртіп сақшылары барлығы бірдей түзеле бермейді дейді. Петропавлдық полицейлер шілденің 4-інен бері «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» деген атаумен профилактикалық шара өткізіп жатыр.

ЛЮФТ:

-Вопросы будут – звоните нам, если будут опять какие-то скандалы, ссоры, то обращайтесь на пульт «102». Хорошо? – Ага. – Ладно, до свидания.

8 күнде тұрмыстық құқықбұзушылық жасаған 154 адам тексерілген. Қорғау ұйғарымын бұзудың – 4, сотпен белгіленген ерекше талаптарды сақтамаудың 3 фактісі анықталды.

 Жанбота Қайыркен – қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы
– Қалалық полицейлер тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім адамдарды және тұрмысы төмен отбасыларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеретін болады. Қалалық полиция басқармасы тарапынан профилактикалық және тізімдік есептерде тұрған тұлғаларға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, рейд барысында маскүнемдер мен жанжалқойлардан бөлек есепте тұрған өзге де жандар тексеріледі. Ондай шамамен 600 адам қамтылуы тиіс. Барлығы – 100-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Жартысынан астамы ішімдік ішу немесе қоғамдық орында масаң күйде жүруге қатысты. Тұрмыстық қатынас саласында 40 факті тіркелді және ішімдікті заңсыз сатқан 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 литр алкоголь тәркіленіп алынды.


Данаш Хамзина