МТРА жаңалықтары

“Bala Qorgau” телеграм-ботына 500-ден астам өтініш түсті

Жыл басынан бері балалар құқығын қорғау комитетінің “Bala Qorgau” телеграм-ботына 500-ден астам өтініш келіп түскен.

Арыз-шағымның дені отбасындағы кикілжің, балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынас, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, буллинг және жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты. Өтініш жолдағандардың барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті педагогикалық, психологиялық және өзге де көмек түрлері көрсетілді. Айта кетейік, аталған телеграм-ботқа келіп түскен әр өтініш тез арада қаралады. “Bala Qorgau” телеграм-чаты кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету жағдайларын жылдам анықтауға және мәселенің шешілуіне септеседі.

Дана Ешкенова