МТРА жаңалықтары

Президент жастарға үндеу жолдады

 

Зерендіде «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп жатыр. Аталған іс-шарада Жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді. Пленарлық отырыста мемлекет басшысы бейнежазба арқылы делегаттарға құттықтау сөз арнап, кейінгі буынға арнайы үндеу жолдады. Президент Жаңа Қазақстанның қыз-жігіттері айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, көзі ашық жандар алға бастайды, түрлі кәсіп игеру жас азаматтардың қолында. Елдің олардан тың бастамалар және озық идеялар күтетінін қаперге салды.

Байболат Култанов