МТРА жаңалықтары

30 солтүстікқазақстандық алаяқтықтың жаңа түріне кез болған

Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, банктік есепшот жайлы ақпарат сұратады. Тәртіп сақшыларына 30 солтүстікқазақстандық алаяқтықтың жаңа түріне кез болғанын айтып хабарласқан. Абырой болғанда, алданып қалмаған. Қулардың қитұрқы әрекетінен хабардар тұрғындар әлеуметтік желі арқылы бір-біріне алаяқтың телефон арқылы арбауы жазылып қалған жазбаны жолдап, өзара ақпараттандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Жазбада жас қыз өзін ер адамға тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, оған қатысты қылмыстық із қозғалғанын айтады. Бөгде біреулер петропавлдықтың ақшасын алуға талпынған-мыс. Олардың заңға қайшы әрекетін тоқтату үшін банктегі жеке мәліметтерін сұратады. Ер адам бұл кісінің бірден алаяқ екенін біліп қалады. Полицейлер осыған ұқсас қоңырау шалуларға сенбеу қажеттігін ескертеді. Телефон соғып тұрған маманның кім екенін анықтау үшін аумақтық құрылымға хабарласу қажет дейді. Нөмірлері ресми сайтта жазылған.

Данаш Хамзина