МТРА жаңалықтары

Қазақстанда жер мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды

Қазақстанда жер мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды.

Енді қазақстандықтар 8 800 080 44 41 нөмірі бойынша жерді пайдалануға байланысты бұзушылықтардың барлық фактілері туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, өтінімдер WhatsApp желісі арқылы 8 700 800 4441 нөмірі бойынша қабылданады. Бүгінде жер комиссиясы пайдаланылмайтын және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесімен белсенді айналысуда. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруды және олардың ауыл тұрғындары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.


Дана Ешкенова