Арнайы шығарылым

Арнайы Репортаж 10.07.2022

 

Петропавлға – 270 жыл

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Биыл Петропавлға 270 жыл толып отыр. Шаһардың туған күнінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың бас алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Жергілікті өнерпаздар қала күніне ерекше дайындалыпты. Ұжымдар күннің ыстығына қарамастан би билеп, театрландырылған қойылым қойып, жұртшылықтың көңілін көтерді. Алаңда ойындар да ойнатылды. Тоғызқұмалақ, шахмат, ребус шешу, дженга. Бұларға адамдар белсенді қатысты. Сонымен қатар, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана өкілдері шатарлардың бірін химиялық зертханаға айналдырды. Мұнда келушілерге қызықты тәжірибелер көрсетілді.

Келесі шатырда келушілерге кітаптар таратылды. Нақтырақ айтсақ, түрлі жанрдағы еңбектерді оқырман қауым өздері таңдап алды. Мысалы, шаһар тұрғыны Валентина Вдовина денсаулық жайлы туындыны алыпты. Зейнеткер соңғы уақытта аурулардың алу жөнінде жазылған шығармаларды оқып жүр екен.

ВАЛЕНТИНА ВДОВИНА, қала тұрғыны:
– Мұндай керемет тосынсый жасап жатқандары қатты қуантты. Менің жасымда денсаулық жайлы кітаптар аса пайдалы. Сондықтан, осындай еңбекті таңдадым. Үйге барғасын оқып шығамын.

Көп ұзамай көпшіліктің назары сахнаға ауды. Ортада жергілікті әнші-бишілер өнер көрсетіп, мерекенін сәнін келтірді.

Спортшылар да қалыс қалмады. Каратешілер патриоттық туындының ырғағымен өнерлерін ортаға салды. Іс-шара соңында эстрада жұлдызы Қайрат Баекенов әнмен шашу шашып, дүйім жұртты қала күнімен құттықтады. Алаңға жиналған қауым өздерінің ыстық ықыластарын білдіруге.

блиц
– Құрметті қалалықтар, бүгін біздің қаламызға – 270 жыл! 00,21 Осында 40 жыл тұрып жатырмыз. Осы 40 жыл ішінде көп өзгерістер болды. Өте қуаныштымыз. Біздің қала көркейе берсін! Жастар аман болсын!
– Бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Барлығыңызға зор денсаулық тілеймін, жұмыстарыңыз жемісті болсын! Біздің Петропавл гүлдене берсін!
–  Бүгін өте ерекше күн. Жерлестерімізді осындай маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Самал Жунусова

“Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме-байқауы өтті

ДАНА СӘЛІМҚЫЗЫ
– Қала күнінде концерттен бөлек, “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 30-дан астам кәсіп иесі қатысты. Олар тұрғындар мен қонақтарға өздерінің өнімдерін, қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Ашық аспан астында қанат жайған көрмеде тауардың түр-түрін кезіктіруге болады. Қатысушылардың бірі – азық-түлік, екіншісі – киім-кешек, ал үшіншісі қиялдан туған өзге дүниелерді саудалауда. Мұның барлығы Солтүстік Қазақстанда шығарылған. Сондықтан, бағалары қалта қақпайды. Мысалы, мына жерде жергілікті “Мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы” серіктестігінің өкілдері өз жұмыстарын сатуда. Кәсіпорын басшылығы материалды Түркия елінен әкеледі. Сапалы тауарлар қазір өлкемізде ғана емес, бас қалада да аса сұранысқа ие екен.

ӘЛИЯ БАШЕЕВА, кәсіпкер:
– Біздің фабрика мектеп, спорттық киім-кешек тігумен айналысады. 1 баланың мектеп формасы – 20 мың теңге маңайында

Ал мына жерде Тайынша ауданынан келген кәсіпкер Досым Ахмер қазақтың ұлттық сусынын саудалауда. Бұл іске 31 жастағы азамат 2019 жылы мықтап кірісіпті. Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында 27 бие сатып алған. Бүгінде Қамбар ата төлдерін күнінде 5 рет сауып, 120 литр қымыз дайындайды. Бойға қуат, дертке дауа ақ тайыншалықтар мен елордалықтарға сатылады екен.

ДОСЫМ АХМЕР, кәсіпкер, Тайынша ауданы:
– “Бастау-Бизнес” бойынша 6 млн теңге қаржы алдым. Соның арқасында жылқы байлап, қазақтың өнімін арттыруға бел будым. 02:15 Жай қымыздың 1,5 литрі – 1900 теңге. Ал бал қымыздың 1,5 литрі – 2500 мың теңге.

Іс-шара облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті. Байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерге қолдау танытып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.

РАХЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
– Аталған байқау 2015 жылдан бері ұйымдастырылуда. Бірінші талап кәсіпкерлер тауары бойынша немесе қызметі бойынша қандай да бір жетістікке жетуі тиіс. Содан кейін біз кәсіпкерлер арасында іріктеу өткіземіз.

Көп ұзамай қорытынды да белгілі болады. “Үздік азық-түлік тауарлары” номинациясында “Зенченко и К” командиттік серіктестігі жеңімпаз атанды. “Тұрғындар үшін үздік тауар” аталымында 1-ші орын шұлық тігумен айналысатын жергілікті “MATEX” фабрикасына бұйырды. Ал “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар” номинациясында бас жүлдеге термовагон құрастыратын “Cool Infinity” кәсіпорны лайық деп танылды. Енді жеңімпаздар өз өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласында өтетін “Қазақстанның үздік тауары” республикалық көрме-байқауында паш етпек.


Дана Ешкенова

Қала күніне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
– Қала күнін петропавлдық жастар да атап өтуде. Олар үшін қаламыздың бірнеше ауданында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған. Мәселен, мына Динамо стадионында жағажай волейболынан сайыс бастау алған.

Барлығы 8 ұжым. Жағажай волейболының ережесіне сәйкес, әр құрамада 2 ойыншыдан өнер көрсетеді. Әзірге Сұңқар командасының қоржынында 1 жеңіс бар. Қазір Мақсат Кубенов пен Нұрдәулет Жакилов кезекті ойынға дайындалып жатыр.

НҰРДӘУЛЕТ ЖАКИЛОВ
–  Бүкіл команда мықты. Өткен жылғы жеңімпаздар мен жүлдегерлер де осында жүр. Алдынғы жылы біз 3-ші орын алдық. Осы жылы өз күшімізді тағы сынап көрейік деп шештік. Жақсы іс-шара өтіп жатыр. Жыл сайын өте берсін дейміз.

Ал мына жақта жас аяқдоп шеберлері мықтыны анықтауда. Бұл сайыста 5 команда бақ сынап жатыр. Қазір алаңда – Бескөл мен Сұңқар командасының өкілдері. Жан алысып, жан беріскен ойында Қызылжар ауданы жастарының асығы алшысынан түсті. Осылайша, олар өздерінің 3-ші жеңістеріне қол жеткізіп, финалға жолдама алды.

ЕЛЖАН ТАСТАН
– Ойын жақсы өтті. 2 де 1 есебімен жеңіске жеттік. Командамен жақсы дайындықта келдік. 1-ші орын аламыз деп ойлаймын.

Жас футболшылардың өз жанкүйерлері бар. Ата-аналар тартысқа толы ойындарды кірпік қақпай тамашалап, балаларына қолдау көрсетуде.

БЛИЦ
–  Менің немерем осында ойнап жатыр. Соған жанкүйер болып отырмын. 28 Немеремнің командасы қазір 2 де 0 есебімен ұтып жатыр.
– Балалар ойнап жатыр. Ауа-райы да қолайлы болып тұр. 29 Жазғы-қысқы спорт ойындары жиі бола берсін.
– Барлық жерлестерімізді қала күнімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын! Денсаулық пен бақыт тілеймін!

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және дипломдармен марапатталды.


Алдияр Айтпаев