Мәдениет

“Qyzyljar MUSIC FEST” фестивалі аясындағы соңғы шара

Петропавлда “Qyzyljar MUSIC FEST” фестивалі аясында соңғы – 7-ші концерттік шара өтті. Апта бойы әр кеш сайын өңір тұрғындарын қазақстандық және шетелдік әртістер таңқалдырудан жалықпады.
Сахнада джаз, опера, эстрадалық әндер шырқалды әрі би ансамбльдері өз өнерін көрсетті. Басты алаңға жиналған жұрттың санында шек жоқ. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов фестивальдің маңыздылығына тоқталып өтті.