МТРА жаңалықтары

Жолда аударылып қалған мотоциклші мас болып шықты

Жолда аударылып қалған мотоциклші мас болып шықты. Айыртау ауданының 26 жастағы тұрғыны көлікке ішімдік ішкен күйі мініп алып, кюветке түсіп кеткен. Мас мотоциклші ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, мұндай әрекетке барған адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Жыл басынан бері облыста мотокөліктердің қатысуымен 4 апат болып, 5 адам жапа шеккен. Сондай-ақ, өңірде шілде айында 20 мас жүргізуші ұсталған. Жалпы, “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы барысында 4 күнде мотоцикл тізгіндегендердің жол жүру ережесін бұзуға қатысты 16 факті анықталды. 200-ге жуық жүргізуші жылдамдықты асырған, 17-сі маневрді дұрыс орындамаса, 11-і жаяу жүргіншіге жол бермеген.

Данаш Хамзина