МТРА жаңалықтары

Телехабар таратуды тоқтату жайлы

Петропавлдағы телемұнарада жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті жерде және аудандардағы құрал-жабдықты демонтаждау ісі маусым айында атқарылған болатын. Сол кезде телерадиохабар тарату сағат таңғы 9 бен кешкі 5 аралығында жүргізілген жоқ. Ауқымды шара кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Шілде мен тамыз айларына арналған жұмыс көлемі 11-і мен 15-іне және ары қарай 8-і мен 12-сіне келіп отыр.

ДУЛАТ МҰСАФИРОВ, облыстық телерадиохабар тарату дирекциясының бас инженері: “М.Жұмабаев ауданындағы “Ұзынкөл” станциясында жөндеу жұмыстары шілденің 18-і мен 22-сі аралығында, ал тамызда 15-і мен 19-ы аралығында жүргізіледі. Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Рузаевка» станциясында жаңғырту ісі шілденің 25-сінде қолға алынып 29-ына дейін жалғасады. Жөндеу жұмыстары таңғы сағат 9 бен кешкі 5-тің аралығын қамтиды. Осы уақытта қызмет көрсету толығымен тоқтатылады.

Данаш Хамзина