Білім

Медициналық мекемелерде мобильді кітапхана пайда болды

Облыс орталығындағы ауруханаларда мобильді кітапхана пайда болды.
Атауына қарай тұтас бір кітапхананы көшіріп әкелді деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Әсте олай емес. Бұл бір баннер ғана. Баннер дегенде қандай, алтын сандық сияқты ашсаң іші ілім-білімге тұнып тұр.

Абайдың қара сөздері, М.Әуезовтың “Абай жолы”, Ғ.Мүсіреповтың “Ұлпан” романы. Тіпті, Петропавл тарихымен де танысуға болады. Ең бастысы, телефонға QR-код қосымшасын жүктеп, онымен белгілі бір туынды астындағы кодты сканерлеу керек. Ары қарай қалаған кітапты жүктеп алуға болады.