МТРА жаңалықтары

Белім беру ұйымдарының жөнделуі бақылауда

М.Жұмабаев ауданындағы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығы 1965 жылы салынған. Содан бері ғимарат күрделі жөндеуден өтпепті. Биыл 57 жылдық тарихы бар нысанды жаңартуға «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 79 млн теңге шамасында қаражат бөлінген екен. Қазір жоспарланған шаруа жүргізіліп жатыр. Іске «Доломит» серіктестігінің 10 өкілі жұмылдырылған. Оның 5-еуі аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамтылып отыр.

БАЛҒАТ ДҮЙСЕН, мердігер серіктестіктің прорабы:
– Бізге шатырды ауыстыру, жылыту жүйесін ауыстыру және терезелерін ауыстыру керек. Біз қазіргі уақытта 60 пайызын жасадық. Ендігі қалған жұмыс – жылыту жүйесі. Материалдарға тапсырыс беріліп, алынып қойған. Дүйсенбіден жұмыстарды бастаймыз. 02,21 Қазіргі уақытта шатыр толықтай аяқталуға жақын. Бір күн ішінде бітіреміз. Терезенің 60 пайызы бітті.

Полудино ауылында орналасқан бұл мекеме бұрын Балалар үйі болған. 2018 жылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығына айналыпты. Қазіргі уақытта мұнда 54 ұл-қыз бар. Олардың үлкені 18-де болса, ал кішісі 3 жаста.

ТАТЬЯНА ТОКАРЕВА, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығының директоры, М.Жұмабаев ауданы:
– Бізде осындай жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына қуаныштымыз. Жаңа шатыр, терезелер болады. Сондай-ақ, мердігер серіктестік басшысы біздің моншамызды да жөндеп бермекші. Егер үнемделген қаражат болса, сол іске жұмсаймыз. “Ақша қалмаса, өз есебімізден жөндейміз” деп қуантты. Бұған өте ризамыз. Себебі, моншамыз да ескіріп тұр.

Жалпы, бүгінде облыс көлемінде 27 білім ұясы қалыпқа келтірілуде. Бұл бағытқа 2,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бейінді басқарма өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстарының барлығы күрделі. Атқарылып жатқан істің сапасы бақылауда.

ВЛАДИМИР ТКАЧЕНКО, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
–  Қазір жаңа оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Конкурстар ұйымдастырылды. Соның қорытындысы бойынша іс бастау алды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 20 нысанға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қалған 7 ғимаратқа облыстық бюджеттен 484,7 млн теңге қарастырылған.

Жоспар бойынша барлық білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары тамыздың 25-іне дейін аяқталуы тиіс.

Самал Жунусова