МТРА жаңалықтары

Таулы Қарабақта болған ардагерлер марапатталды

 

87-ші жылы Таулы Қарабақта болған этносааралық қақтығыста 30 солтүстікқазақстандық бітімгерлік миссия атқарды. Елорда күніне орай ардагерлер құрметке бөленіп, медальдармен марапатталды.

1987 жылы армяндар мен әзірбайжандар арасында Таулы Қарабақ өңірі үшін дау туындайды. Олар бұл жерді бөліске салып, кикілжің соңы ашық қақтығысқа ұласады. Этносааралық шиеленіске бітімгерлік миссиямен сол кезде әскери борышын өтеп жүрген қазақстандық әскерилер жіберілді. Араларында жерлесіміз Марал Закарин да болды.

Марал Закарин, Таулы Қарабақта болған этносаралық қақтығысқа бітімгерлік миссиямен қатысушы:
– Үлкен соғыс ұшағымен бізді Кавказ өлкесіне әкелді. Боевиктерді іздеп, жою шарасына қатыстық. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын, сол жерде өте қиын жағдай болды. Біз жас бала болдық, саясат жайлы көп нәрсе біле бермейтінбіз.

Марал Закарин Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарға аттанған кезде небәрі 19 жаста еді. Жанында тағы ондаған жас солтүстікқазақстандық болған екен. Жалпы, 35 жыл бұрын болған ұрыстарға бітімгерлік миссиясымен облыстан 30 азамат қатысқан. Бүгін Елорда күніне орай олар медальдармен марапатталды.

Жалпы, жиын барысында 20-ға жуық азамат құрметке бөленді.


Дана Ешкенова