МТРА жаңалықтары

Петропавлдық балықшы мылтық тауып алды

 

Ерекше “олжа” петропавлдық балықшының қармағына түсті. Маусым айының соңында 26 жастағы қала тұрғыны Есіл өзенінде Борки кентінің тұсында балық аулаған. Кенет оның қармағына ауыр нәрсе іліккен. Қармақ жібін судан шығарғанда ілмекте әлгі азамат күткен үлкен балық емес, кәдімгі мылтық болған. Ер адам “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласады. Сараптама барысында табылған дүниенің 12-ші калибрлі “ТОЗ-34” қос ұңғылы аңшы мылтығы екені анықталады. Ол алдағы уақытта жойылады. Жалпы, жыл басынан бері өңір тұрғындары тәртіп сақшыларына өз еркімен тіркелмеген 9 қару әкеліп тапсырған, ал тәркіленіп алынған қару саны 53-ті құрайды.