Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

«Jas Оtan» жастар қанатының VI съезіне өңірден 11 делегат қатысады

 

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Jas Оtan» жастар қанатының ХІХ конференциясы өтті. Оған оффлайн және онлайн форматта 40-қа жуық адам қатысты. Мақсат – шілденің 11-і мен 14-і аралығында Зерендіде өтетін съезд қатысушыларын сайлау.

Республикалық деңгейдегі алқалы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден аса делегат қатысады. Соның 11-і теріскей өңірінен.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ – «Jas Оtan» ЖҚ СҚОФ төрағасы
–  Бұл съезд – тарихи мәні зор съезд. Себебі, «Jas Оtan»-ның аты өзгерейін деп жатыр. Осы жуырда өткен 1 наурызда партиялық съезде “Nur Otan”-ның аты “Amanat” болып ауысты. Осыған байланысты «Jas Оtan»-ның да атының өзегеруі күтілуде. Тарихи шешімді облысымыздан барған 11 делегат қолдайды.

Съезге қатысуға әуелде 40-қа жуық жас ниет білдірген. Бірақ, соның ішінен 11-ін таңдап алу керек. Үміткерлер – олар белсенділер, спортшылар, блогерлер мен жас депутаттар сауалнама толтырып, мотивациялық хат жазуда бәсекеге түсті. Нәтижесінде съезд делегаттарының қатарына қалалық мәслихат депутаты Гумар Нұртаза қосылды.

ГУМАР НҰРТАЗА – қалалық мәслихат депутаты
– Осы съезге тағайындалғаныма өте қуаныштымын. Өте қиын болды: бүкіл жастардан анкеталар алынды. Одан тыс мотивациялық хат жазылды, өзімнің ішімдегі ойларымды жеткізу мүмкіндігін алғаным үшін өте қуаныштымын.

Бүгінде «Jas Оtan» жастар қанатына өңірден 4 мың жас мүшелік етеді.