МТРА жаңалықтары

22 жастағы қала тұрғыны темір торға тоғытылды

Облыс орталығында есірткі сақтаған 22 жастағы қала тұрғыны темір торға тоғытылды. Ол өткен жылдың соңында танысының үйінде қолға түскен болатын. Одан шегуге арналған құралдар мен кристалл тәрізді заты бар 2 полимерлі түйіншек тәркіленді.

ЛЮФТ:

– Что за вещество? – Ну, не знаю, в сумке его нашли. – В сумке нашли? В какой сумке? Можете показать? – Нашли, в сумке. – Покажите, где она. – Покажи. – Вот там, вот она лежит.

Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы бойынша күмәнді заттың “Тұз” деген атпен белгілі синтетикалық есірткі екені анықталды. Тәркіленген дүниенің салмағы 2,9 граммды құрайды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
–  ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз алу, сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні бойжеткен сотпен қамалып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, соңғы 6 айдың ішінде облыста 109 есірткі қылмысы тіркелген. Оның 40-ы – сату. Ал заңсыз айналымнан алынған түрлі зиянды заттың көлемі 267 келіні құрайды. 1,4 кг астамы – синтетикалық өнімдер.

Байболат Култанов