МТРА жаңалықтары

Полицейлер жол жағдайын тексерді

 

Жолдың тегіс болуы көлік апатының алдын алуға септеседі. Бірақ, өңірдегі жолдарға қарасаң көңілді мұң басады. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 6 мың шақырымға жуық жолдың жағдайы мен оның бойындағы белгілерді байқаған.
Тексеріс нәтижесінде 1400-ге тарта олқылық анықталды. Оның дені зақымданған жол белгілері мен асфальттың шұрық-тесік күйіне қатысты. Сондай-ақ, ашық жатқан құдықтар анықталған. Тексеріс соңында тиісті материал жинақталып, қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен өзге де құзырлы органдарға жіберілген.

Алдияр Айтпаев