Мәдениет

Облыс орталығында джаз жанрындағы әндер шырқалды

Дәстүрлі әндерден бастау алған фестиваль джазбен жалғасын тапты. Музыкалық іс-шараның екінші күнінде жерлестеріміз есті әннің ырғағына бөленіп, көл-көсір эмоция алды.

Сахнаға бірінші болып Петропавлдағы Әскери академияның оркестрі шықты. Одан кейін Ақан сері атындағы облыстық филармония ұжымы 20-дан астам композиция ұсынды. Бұл кеште эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындаушылары да төбе көрсетті. Музыкалық фестиваль соңында шығармашылық ұжымдар 70-80-ші жылдардың танымал әндерін шырқады. Естеріңізге сала кетейік, елорда күні қарсаңында өткізіліп жатқан Qyzyljar MUSIC FEST фестивалі шілденің 7-ісіне жалғасады.


Алдияр Айтпаев