МТРА жаңалықтары

СҚО-да биыл 60-тан астам заңсыз қару тәркіленіп алынды

Айыртау ауданында аңшы мылтығын заңсыз пайдаланған ер адам ұсталды.
38 жастағы тұрғын еш жерде тіркелмеген 16 калибрлі қаруды туыстарының үйіндегі жертөледен тауып алдым деген.
Мылтық тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Соңынан ҚР ӘК 482-ші бабының 1-ші тармағы бойынша шара қолданылады. Жалпы, жыл басынан бері облыста заңсыз сақталған 62 қару тәркіленіп алынды.
Азаматтық қаруды сақтау мен қайта тіркеу тәртібін бұзуға қатысты 100-ден астам факті анықталды. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында полиция қызметкерлеріне тұрғындар өз еркімен 23 қару әкеліп тапсырған.

Данаш Хамзина