МТРА жаңалықтары

Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған ер адам қомақты айыппұл төледі

Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған солтүстікқазақстандық 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі.

Серіктестік директоры нысан салуда Өзбекстан азаматтарын заңсыз пайдаланған. ҚР көші-қон туралы заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін пайдалану үшін заңды тұлға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алуы тиіс. Заңның ала жібін екінші рет аттап отырған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 3-бөлігі бойынша материал жиналып, қомақты көлемде айыппұл салынды.
Маусымның 27-ісінен бері өткен “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы
барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 фактісі анықталды.

Данаш Хамзина