МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істеп тұр

Перемьер-Министр орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Шанаи Петропавлдағы «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығында болды. Бұл орын шаһарда сәуір айында ашылған. Қазіргі күні мұндағы қызметкерлер қала тұрғындары үшін тегін курстар ұйымдастырады. Жаңа мамандық меңгергендердің қатарында Айжан Шәріпова есімді жерлесіміз бар. Бұған дейін нәзікжанды еден жуушы болып қызмет етіпті. Тегін курстан ол тігіншілік саласын үйреніп алған екен.

Айжан Шәріпова, қала тұрғыны:
– Әлеуметтік желіден осындай тегін курс ұйымдастырылып жатқанын көріп қалдым. 2 апта көлемінде оқып, лазерлік станок операторлығын меңгеріп шықтым. Қазір енді жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмыс істеп жүрмін. Мен киімдерге арнайы машинаның көмегімен сурет салып, жазу жазамын.

Сондай-ақ, мұндағы мамандар жағдайы төмен, көпбалалы және мүгедек ұл-қыз тәрбиелеп отырған жанұяларға психологиялық және заң тұрғысында көмек береді. Одан бөлек 8 мамандық бойынша тегін оқытады.

Жұлдыз Саттарова, «Демеу» орталығының директоры:
– Біз облыс орталығынан бөлек аудандарға да шығып отырамыз. Алдағы уақытта өңіріміздің барлық аудандарын аралау жоспарда бар.

Қазіргі күні мамандар аталған санаттағы 500-ге жуық жанұяға көмек көрсетіпті. Жыл соңына дейін 1500 отбасыға консультация беріп, 150 адамды курстан өткізбекші екен.

Бердимурат Баймухан