МТРА жаңалықтарыҚұрылыс

Новоишим селосындағы аудандық орталық аурухана жөнделіп жатыр

 

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Ғ.Мүсірепов аудандық орталық ауруханасы осыдан 43 жыл бұрын ашылған. Бүгінде мұнда, яғни, терапевтік пен перзентхана бөлімшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа есіктерезелер қойылып, электр сымдары ауыстырылуда.

Ауруханадағы перзентхана бөлімшесі соңғы рет 14 жыл бұрын жөнделген, ал терапевтік бөлімше 20 жылдай жаңармапты. Айта кетерлік жайт, перзентханада әр әйелге арналып жеке бөлме жасалмақ.

люфт:

– Родзал, здесь уже плитка завершена, остались кое-какие ремонтные работы. 0.39 Вот здесь процедурная. Уже тоже практически плитка положена. Только остаются полы, двери, косяки.

ВИТАЛИЙ АВРАМЕНКО, Ғ.Мүсірепов аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
– Перзентхананы жөндеуге – 49 млн, ал терапевтік бөлімшеге 52 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Андреевская дәрігерлік амбулаториясын жөндеуге кірістік. Оған 30 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Екі бөлімшедегі жөндеу жұмыстарын шілде айының соңында аяқтаймыз. Ал амбулаториядағы шаруа тамыздың соңында бітеді.

Ауруханадағы іске петропавлдық «Заңғар-ЛТД» серіктестігі жауапты.
Ал дәрігерлік амбулаторияны көкшетаулық кәсіпорын жөндеп жатыр. Мамыр айынан бері қалыпқа келтіріліп жатқан қос нысанға қаражат “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында бөлінген. Айта кетейік, аудандар арасында биыл Ғ.Мүсірепов аудандық орталық ауруханасы ғана күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Жөндеу жұмыстары аяқталысымен мұнда жуырда жеткізілген компьютерлік томограф іске қосылады. Бұған дейін аудан тұрғындары диагностикадан өту үшін Тайынша қаласына барып жүрген.

ВИТАЛИЙ АВРАМЕНКО, Ғ.Мүсірепов аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
–  Бізге облыстық балалар ауруханасынан жеткізілген комьютерлік томограф орнатылды. Бірақ, әлі іске қосылған жоқ. Оны шілде айының соңынан бастап пайдалануды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта арнайы 4 маман оқытылды.

Ауруханадағы жөндеу жұмыстарынан 7 млн теңге үнемделген. Артылған қаржы баспалдақ араларын жөндеуге жұмсалмақ.

Самал Жунусова