Денсаулық сақтау

СҚО-да 3 жасар бала көкжөтелге шалдықты

3 жасар бала көкжөтелге шалдықты. Бұл – биыл аймақта тіркелген алғашқы жағдай. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше сәбидің ата-анасы жұқпалы дертке қарсы екпе алудан бас тартқан екен.

Айнаш Сағандықова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
– Бала ауруды сәуір айында жұқтырып алыпты. Қазір ол өз үйінде тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр.

Көкжөтел адамның тыныс алу функциясын бұзып, демалу жолдарының шырышты қабатын зақымдайды. Вирусты көбінесе екі жасқа дейінгі балалар мен қарттар жиі жұқтырады екен және ол ауа арқылы таралады.

Айнаш Сағандықова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
– Көкжөтелді жұқтырған кезде адамның дене қызуы +38 градусқа дейін көтеріліп, денесі қалтырай бастайды. Әлсіздік байқалып, бұлшық еттер ауырады. Құрғақ жөтел пайда болады.

Вирустық аурудан сақтану үшін мамандар тұрғындарды уақытылы вакцина алуға шақырады.


Бердимурат Баймухан