МТРА жаңалықтары

СҚО-да алимент төлемегендер іздестіріліп жатыр

Алимент төлеуден жалтарып жүрген көкек әкелерден безбүйрек әйелдер де қалатын емес. Петропавлда 47 жастағы әйел адамның баласына алимент аудармағанына 20 жылдан асқан. Өзі Нұр-Сұлтан қаласында. Баласы Петропавлдағы интернаттардың бірінде тұрады. Аналық мейірімнен жұрдай әйел адам баласына 2 жарым млн теңге қарыз. Берешегін өндіріп алу ісіне сот орындаушылары тартылады. Борышкердің нақты мекенжайы арнайы ұйымдастырылған акция барысында анықталды. Жалпы, 2 күннің ішінде 50-ге жуық алимент төлеушінің ішінен 10-ы ғана табылған.


Данаш Хамзина