МТРА жаңалықтары

Ә.Смайылов банк клиенттерінің деректерін қорғауды күшейтуді тапсырды

Күні кеше ғана Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысын өткізді.

Жиын барысында Үкімет басшысы елімізде электрондық форматтағы банктік қызмет түрлері жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін банктік қосымшаларда мемлекеттік қызмет сервистері енгізілуде. Оларда ең жоғары деңгейдегі заманауи қорғау тәсілдері, биометрия қолданылады. Сондай-ақ, Премьер-Министр банктер алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне барынша назар аударып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуі қажет екенін атап өтті.


Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
– Жалпы, отандық ІТ-саланы дамыту, қазақстандық электрондық өнімдерді әзірлеу бағытында белсенді жұмыс жүргізу және оларды қолдану аясын кеңейту қажет. Біз инновациялық шешімдерге, оның ішінде халыққа электрондық қызмет көрсету саласына қашанда қолдау көрсететін боламыз.


Дана Ешкенова