Көпір жөндеуді қажет етеді

МТРА жаңалықтары

17:35 28 Маусым 2022

Қызылжар ауданында орналасқан Соколовка мен Большая Малышка елді мекендерінің халқын көпір мәселесі көптен толғандырады. Себебі, аталған қос ауылды осы құрылым жалғайды. Сөздеріне сүйенсек, оны жергілікті билік көктемгі су тасқыны кезінде алып тастап, қауіп бұлты сейілгесін, әдетте, жаздың ортасында қайта орнына қояды. Бұл тұрғындарға айтарлықтай қиындық тудырып тұр екен.

БЛИЦ:
–  Большая Малышкаға бізден нан әкеледі. Солар қала арқылы айналып барады. Өте қиын.
ауд

– Осыдан 5 жыл бұрын мектепте жиналыс болды. Сонда Мәскеу әскери зауытынан 9 млн теңгеге баржа сатып алу мәселесі көтерілді. Билік өкілдері су көлігін кесіп әкелеміз деп сендірді.

Баржа қайда? 9 млн теңге қайда? Соколовка тұрғындары қойған осы қос сұраққа билік өкілдері тарапынан мардымды жауап болмады. Есесіне, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақубаев бұзылған көпір шілденің басында қайта пайда болады деп сендірді және оны ертерек қоюдың мүмкін еместігін түсіндірді.

ҚУАНДЫҚ ШАҚУБАЕВ, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
– Біз көпірдің қай жерінде жарық барын анықтаймыз. Қазір құрылымның төменгі бөлігі су астында жатыр. Тіршілік көзін сорып, тағы бір зерттеу жүргізу қажет. Бүгін 3 мотопомпа жұмыс істеуде. Негізі, Соколовка, Большая Малышка, Долматово сынды ауылдардың бәрі өзара және қалаға қатынай алады. Бірақ, мына көпір арқылы жол біраз қысқарады.

Мәселе осында. Көпір болмаған кезде жеке көліктері жоқ Соколовка тұрғындары Большая Малышка ауылына айналып 3 түрлі автобуспен барады екен. Жолда уақыт жоғалтады, біраз ақша құртады. Халықтың қалауы – құлау, жинау дегенді білмейтін құрылым. Алайда, оның салынатын күні әлі белгісіз. Айта кетерлік жайт, қазір мамандар көтеруге тарысып жатқан көпір осыдан 2 жыл бұрын ғана жөнделіпті.


ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, Қызылжар ауданының әкімі:
– Көпірдің түбі, қапталдары және өту бөлігі ауыстырылды. Осы құрылым арқылы Соколовка мен Большая Малышка ауылдарының арасы мықтап жалғанды деуге болады. Іске 30 млн теңге жұмсалды.

Жұмсалған сома аз емес. Құрылымның қазіргі сиқына қарасаң миллиондардың желге ұшқанын түсінесің. Соколовка тұрғындары көпірден бөлек, әрбір үйге су құбыры өткізілсе деп армандайды. Ал, әзірге, мұндағы халық тіршілік көзін сағат бойынша тұтынып отыр.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірге «Жер аманаты» комиссиясы келді
Қызылжар ауданында заманауи көкөніс қоймасы салынып жатыр
МТРК жаңалықтары 15.07.2022
Криминалистердің жұмысы
Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсібін кеңейткен нәзікжанды
Көші-қон заңнамасының 800-ден астам бұзушылығы анықталды
“Солнечный-2” шағын ауданындағы жаңа көшелерге атау берілді
Алдын алу жұмыстарының жаңа тәсілі
МТРК жаңалықтары 02.08.2022
Қаланы көгалдандыру бойынша ұсыныс
СҚО-дағы мектептердің жартысында бейнебақылау камералары бар
Жанға жылу сыйлаған “ASAR JOLY” қайырымдылық туры