МТРА жаңалықтары

Құмар Ақсақалов Аққайың ауданында болды

Бұл – Аққайың ауданына қарасты Власовка ауылындағы көшелердің бірі. Көріп тұрғандарыңыздай, жолдың беті әбден тозған. Ойдым-ойдым жерлермен қозғалған жүргізушілердің көліктері тарсылдап, шарқылдап әзер өтеді. Машиналарын сындырып алмас үшін темір тұлпар тізгіндеген жандар ирелеңдеп қозғалып, әр ойықты айналып өтуге тырысады. Өткір тұрған мәселе жақын арада шешіледі дейді округ әкімі Елена Витковская. Қазір жергілікті билік ауыл көшелерін асфальттай бастапты.

ЕЛЕНА ВИТКОВСКАЯ, Власов ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:

– Власовкада жалпы ұзындығы 13,5 шақырымды құрайтын 13 жол бар. Қазіргі күні бізде оларды орташа және күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар дайын тұр. Қазіргі күні «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама аясында бюджеттен қаржы бөлінгенін күтіп отырмыз. Осылайша көшелердің барлығын қалыпқа келтіреміз деп ойлаймын. Қазіргі күні 400 метр жерге жаңа асфальт төседік.

Тындырылып жатқан істі көруге облыс әкімі келді. Төселген асфальттің сапасы туралы анықтама әлі дайын емес дейді жол салып жатқан мамандар. Бірақ, кейбір жерлерде аздап олқылықтар бар екені көзге көрінеді. Мұны Құмар Ақсалов та байқап, ескерту жасады.

Иә, су жаңа асфальтті бүлдіріп алмас үшін оның үстімен ауыр жүк көліктерін жүргізбеу қажет. Сол себепті, жақында осындағы 10 көшеге арнайы аркалар қойылмақ. Сондай-ақ, жол бойында белгілер мен жарық шамдары орнатылады. Оң өзгерістерге тұрғындар риза.

МАРИНА ПОЛТАВЕЦ, Власовка ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

– Қазір велоспедпен жүруді бастадым. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған еді. Қазір жолдар біртіндеп қалыпқа келтіріліп жатыр. Немерелеріммен бірген спортпен айналысуды бастадық.

Жалпы, Власовка ауылындағы жолдарды жөндеуге 230 млн теңге бөлініпті. Қалыпқа келтіру жұмыстары 1-ші қыркүйекке дейін тәмамдалмақ. Қазіргі уақытта мұнда тұрғындар жиі қатынайтын Калинин көшесі ғана асфальтталған. Шаруамен танысқан Құмар Ақсақалов ат басын ауыл іргесінде жаңа салынып жатқан тауарлы сүт-фермасына бұрды. Заманауи кешеді тұрғызуды бірнеше ай бұрын «GRAIN RICH» серіктестігі қолға алыпты.

ВЛАДИМИР ГЕРДТ, «GRAIN RICH» ЖШС директоры, Аққайың аудыны:

– Қазір бізге жоба әзірлеу керек. Себебі, мемлекет тарапынан қондырғы мен мал сатып алуға субсидия бөлінетіні жөнінде келісімшарт жасасқанбыз. Алдағы уақытта Германия немесе Чехия елінен 400 бас «голштин» тұқымды сиыр әкелеміз. Ірі қараның бір бөлігін жыл соңына дейін жеткізу қажет.

Жалпы, Аққайың ауданында екі тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр және жұмыс істеп тұрған 3 өндіріс орны бар. Атқарылып жатқан ілкімді істер жайлы Құмар Ақсақалов Қиялы ауылының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Облыс әкімінің сөзінше қазіргі күні мемлекет тарапынан кәсіперлерге жыл сайын зор қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде Аққайың ауданы бойынша ең көп көмек алған «Салют» серіктестігін екен. Яғни, 524 млн теңге. Кәсіпорын басшылығы алған қаржыны толықтай ақтап жатыр дейді тұрғындар. Жергілікті халықтың айтуынша мамандар оларды жұмыспен қамтып қана қоймай, ауылдың дамуына да көп көңіл бөледі екен.

БЛИЦ

– Барлық ауыл жұртының атынан алғыс айтқым келеді. Кәсіпорын басшылығы тұрғындардан бөлек, мектепке де көп көмектеседі.

– Жан-жақты қолдау көрсетіп тұрады. Жеке басымызға қатысты мәселе туындап жатса басшылық түсіністікпен қарайды.

Басқа серіктестіктер де ауылдың дамуына бейжай қарамайтын сыңайлы. Өйткені, елді мекен тұрғындарынан ешқандай арыз-шағым болмады. Ал Құмар Ақсақалов болса өз кезегінде азық-түлік бағасына тоқталды. Қазіргі күні мұнда 1 бөлке нан 140 теңге тұрады екен. 3 ірі шаруашылық жұмыс істеп тұрған ауыл үшін мұндай баға тым қымбат деді облыс әкімі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Тауарлардың бағасы қымбаттап жатыр. Баға келесі жылы ғана тұрақталуы мүмкін. Бәрі уақыттың еншісінде. Бірақ, қиын сәтте тұрғындарға қолдау көрсету керек. Мәселені шешіңіздер.

Осы орайда серіктестік басшылары бірігіп ауылда наубайхана ашуды ұсынды. Бастама әкім тарапынан қолдау тапты.


Бердимурат Баймухан