МТРА жаңалықтары

Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?

Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс? Солтүстікқазақстандық жеткіншектер ойындағы тәртіп сақшысының образын пластилиннен жасап сайысты.
2 аптаға жалғасқан өнер байқауына өңірдің түкпір-түкпірінен 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Шара Балалар жылы мен Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Пластилин, пластик, қағаз бен картон, мата – өнерлі жеткіншектер өз ойын бейнелеуде осы материалдарды қолданған. Балалар сурет салды, түрлі мүсіндер жасады. Қолына гүл ұстаған полицей ханым, заманауи стационарлық модуль – барлығы таңдай қақтырарлық 24 еңбек ұсынылды. Арасынан үздігін таңдау қазылар алқасына оңай болмаған секілді. Нәтижесінде жүлделі орынға жас ерекшеліктері бойынша бірнеше бала лайық деп танылды. Оларға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.