МТРА жаңалықтары

Полиция қызметкерлері марапатталды

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Осыған орай облыс орталығында салтанатты шара өтті. Мерекелік бас қосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысып, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылардын төл мерекелерімен құттықтады.

Марат Тасмағанбетов – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:
– Құрметті полиция қызметкерлері! Ішкі істер органдарда қызмет еті зор абырой. Қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел тыныштығын сақтау мен адал қызметі үшін баршаңызға алғыс білдіреміз.

Мерекелік шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар азамат марапатталды. Олардың қатарында Мақпал Жәменова да бар. Нәзікжанды полицей атану туралы шешімді бала кезінде қабылдаған екен. Енді міне тынымсыз қызмет етіп жүргеніне 17 жыл болып қалыпты. Бүгінде қызметке келетін жас мамандарды қабылдаумен айналысады. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарған маман облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

МАҚПАЛ ЖӘМЕНОВА, СҚО ПД кадр саясаты басқармасының аға инспекторы:
– 2005 жылы ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзімнің бала кезімдегі арманыммен келдім. Осы 17 жылдың ішінді қызметтің қызығын да, шыжығын да көрдім. Басшылығыма Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыным жасағанына алғыс білдіремін. Осы марапатқа менің лайық екенімді бағалағаны үшін.

Бүгін облыстық полиция департаментінің 15 қызметкері түрлі дәрежеде марапатталса, 4 офицердің шені өсті. Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин бүгін полиция полковнигі атанды.

АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы:
– Өзіміздің қызметімізді атқарып, халыққа жақын болып, онымен қызмет атқарамыз. Еліміз үшін қызмет атқарамыз. Полиция міндеті – құқық қорғау, халыққа қызмет атқару, қылмыстарды ашу және болдырмау.  Қиындықтар бар біздің жұмыста. Күндіз-түні жұмыс істейміз. Қылмыстарды ашамыз, алыс аудандарға шығамыз. Қылмыс ашу деген қиын нәрсе бүгінгі күні. Бірақ, оған қарамай, әділдік сақтап жұмысты ары қарай атқарамыз.

Қазіргі таңда облысымызда 2 мынан астам тәртіп сақшысы еңбек етеді. Полиция күнінде оның 100-ге жуығы түрлі марапатқа ие болды. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.

Самал Жунусова