Денсаулық сақтау

МӘМС-ті іске асыру бойынша өңірлік штаб отырысы өтті

Петропавлда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша өңірлік штаб отырыс өтті. Жиын облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында қор филиалының директоры Лариса Гордеева сақтандыру жйүесіне жарналар мен аударымдардың түсуі жайында баяндады. 2017 жылдан бастап биылғы мамыр айына дейін облыс тұрғындарынан 27,1 млрд теңге түскен. Бұл ел көлеміндегі түсімнің 2,4 пайызын құрайды. Ал жекелей алатын болсақ, биылғы 5 айдың өзінде 5,4 млрд теңге аударылған. Мамандардың айтуынша облыста сақтандырылмаған азаматтардың саны 115 мыңнан асады. 80 мыңға жуық адамнан соңғы 12 айда мүлдем төлем түспеген. Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес МӘМС төлемдері бойынша берешек биылғы 1-ші маусымдағы жағдай бойынша 34,1 млн теңгені құрап отыр. Қарыздың басым бөлігі Ғ.Мүсірепов пен Тайынша аудандарына тиесілі.

Данаш Хамзина