МТРА жаңалықтары

“Стоп ДТП” шарасының қорытындысы

Полиция қызметкерлері “Стоп ДТП” жедел-алдын алу шарасының қорытындысын жариялады. Бұл шараны өткізудегі мақсат – жол-көлік апаттарының санын азайту. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әсіресе, жазғы уақытта жолдағы оқыс жағдайлардың жиілеп кету қаупі бар. Мамандар 12 күн бойы жіті тексеріс жүргізіп, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

ЛЮФТ: (Видите, погодные условия ухудшились, дождик идёт, асфальт мокрый, повнимательнее надо, скоростной режим не нарушать…) 

Статистика көрсеткендей, облыста рөлге мас күйде отыру жағдайлары тыйылмай тұр. 12 күнде осындай себеппен 50-ден астам адам жауапқа тартылған. Сондай-ақ,
жылдамдықты асырудың 600-ден астам фактісі тіркелді. 35 жүргізуші тиісті жерде жаяу жүргіншіге жол бермеген, төртеуі қарсы жаққа шығып кеткен. Мотоцикл тізгіндеген 53 адамға қатысты хаттама толтырылған.

Әсемгүл Әлібаева, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Облыс аумағында маусымның 8-і мен 19-ы аралығында «Жол-көлік оқиғасын тоқтату» акциясы өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша 3 мыңнан астам көлік құралдарының жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қатар, тәуліктің түнгі уақытында көлік тәртібін қатаңдату, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция жасақтары қосылған жыпылықтайтын маяктармен жұмыс істейді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға жолда аса абай болу қажеттігін ескертеді. Ата-аналар өз балаларына қарапайым қауіпсіздік қағидаларын айтып отырулары қажет дейді мамандар.

Данаш Хамзина