МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті. Бұл жайында Болат Жұмабеков өзінің фейсбук парақшасында жариялады. Ол жазбасында «Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік. Ол карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бойынша көптеген мәселелер», – деді. Сонымен қатар, Болат Жұмабеков бірге қызмет еткен әріптестері мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене ат салысқан жандарға алғысын білдірді.

Бердимурат Баймухан