МТРА жаңалықтарыБілім

“Туған елге тағзым” шарасы

«Туған елге тағзым». Жергілікті Химия-биология бағытындағы НЗМ-інде осындай атаумен дәстүрлі жоба бастау алды. Оның мақсаты –
жеткіншектердің өңір тарихына деген қызығушылығын ояту. Осы орайда жастар белгілі бір жерде зерттеу жүргізеді. Жоба сайыс түрінде өтеді. Өлкені кеңірек әрі тереңірек таныған топ үздік атанады. Білім қуған жастар экспедицияны “Alageum electric” электротехникалық зауытынан бастады.

НҰРЖАН АБДУЛЛАЕВ, Петропавл электротехникалық зауытының өндіріс жөніндегі директоры:
– Қазіргі жастар – біздің болашағымыз.

Сонымен қатар, оқушылар сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. “Молсервис” пен “Зенченко и К” серіктестіктерін аралады. Соңғысында мал басы 13 мыңға жетеді екен. Олардың 5 жарым мыңы – сауылатын сиырлар. Жақында мұнда 800 басқа шақталған жаңа корпус іске қосылды. Күнделікті серіктестік мамандары 130 мың тонна сүт алып, оны нарыққа жөнелтеді.

АЛПАМЫС СӘРСЕНБАЙ – оқушы

Ары қарай оқушылар Жамбыл, М.Жұмабаев және Айыртау аудандарына сапарға аттанады. Онда жергілікті жердің табиғатымен және атақты тұлғалардың өмір жолымен танысады.


Самал Жунусова