МТРА жаңалықтары

Қауіпсіздік ережелері еске салынды


Су жағасында да, жолда да белгілі бір қауіпсіздік ережелері бар. Қауіпсіздік қиғадалары қандай? Тәртіп сақшылары оқушылармен кездесіп осы жөнінде түсіндірді.
Қазіргі кезде аса абай болу қажет. Өйткені, балалардың барлығы демалыста, ал дамалушылар көп жағдайда өзен мен көл жағалайды. Өткен жылы облыста суға батып кеткен 20 адамның алтауы – бала.
Ал жолда биыл жасөспірімдердің қатысуымен 11 көлік апаты болған. 1 бала қаза тауып, 12 бала жарақат алды.

АЙГҮЛ КӘРІМОВА – СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы
– Жазғы демалысқа байланысты қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Балалардың жазғы уақытта су қоймаларында өзін-өзі ұстау қағидаларын айтыңыздар. Балаларды судың маңында жалғыз қалдырмаңыздар. Үйден тыс жерде түнгі уақытта ата-аналарсыз жүруіне жол бермеңіздер.

Балалардың тәртібі мен тәрбиесін де назардан шығармау қажет.
Өйткені, кейбір жасөспірімдер түн ортасында жалғыз өздері көше кезіп жүреді. Тәртіп сақшыларының айтуынша жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен 21 қылмыстық әрекет тіркелген.
Баласы құзықбұзушылық жасаған 1700-ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.