МТРА жаңалықтары

Аққайың ауданының әкімі есеп берді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңыныда өткен брифингіде Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев есеп берді. Облыс орталығына жақын орналасқан ауданда биыл не өзгермек?Аққайың ауданында мал шаруашылығымен 100-ге жуық субъект айналысады. Ет пен сүт өндіруде ауданда өсім бар. Биыл ет өндіру – 3,6, ақ шығару 2,8 пайызға ұлғайған.

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:
– Ауданда мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Ауданда 9 бірдей тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 400 басқа шақталған кешен бой көтереді. Нәтижесінде 5 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұдан бөлек өткен жылы Аралағаш ауылында құс фабрикасының құрылысы басталған болатын. Жоспар бойынша кешен желтоқсан айында қолданысқа тапсырылады. Жылдық қуаттылығы 5 мың тонна құс етін құрамақ.

Биыл аудан жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 559 млн теңге қарастырылған. Қомақты қаржыға Дайындық пен Ленинское ауылдарына кірме жол қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ, Власовка, Аралағаш, Черкаск елді мекендеріндегі ауылішілік жолдар жөндеу көрмек. Ал аққайыңдықтарды әбден мезі қылған Смирново-Қиялы бағытындағы трассаның жағдайы не болмақ?

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:
– Ол жол 3 жыл қатарынан жөнделіп жатыр. Былтыр 3,8 шақырым жөнделсе, алдыңғы жылы 5 шақырым жасадық. Сонымен, 38 шақырымның бүгінде 9 шақырымы жөнделді. Ал биыл Смирново-Қиялы бағытындағы жолға қаржы бөлінген жоқ. Жоспар бойынша бұл жолға келесі жылы ақша бөлінеді.

Келесі мәселе – халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету. Рүстем Елубаевтің сөзінше бүгінде аққайыңдықтардың 70 пайызы тіршілік нәрін үйден ішіп отыр.

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:
– Бүгінгі күні Аққайың ауданына қарасты 32 елді мекен бар. Оның 30-ы топтық су құбырына қосылған. Халықтың 70 пайызында су үйлеріне дейін өткізілді. Жасалып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде 1-2 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деген ойдамын. Ендігі мына жарықтандыру мәселесі бойынша да айта кетейін. Былтыр 34 млн теңге 12 ауылға бөлінді. Биыл 35 млн теңге 11 елді мекенге берілді. Ең үлкен ауыл – Смирновоның өзі 90 пайызы жарықтандырылған.

Аққайың ауданында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысында да оң динамика байқалады. Биыл жиынтық көлемі 800 шаршы метрден астам баспана қолданысқа берілген.


Дана Ешкенова